«Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы

«Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы

  Барлық өңірлерде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

  Оқу-жаттығу шеңберінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі режимін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені, уәкілетті органдармен және ұйымдармен орман-дала өрттері барысында туындайтын негізгі, қосалқы міндеттерді орындау бойынша штабтық жаттығулар өткізілді.

  Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі жедел штаб Павлодар облысының

  «Ертіс орманы» РММ Майқарағай орманшылығының аумағында далалық жағдайда орналастырылды.

  Ауқымды оқу-жаттығуларға Астана, Абай, Қарағанды облыстарының ТЖД, сондай-ақ басқа да мүдделі азаматтық қорғау қызметтері, басқа да құқық қорғау құрылымдары, оның ішінде ҰҚК, полиция жұмылдырылды. Трансшекаралық ынтымақтастық аясында Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ қатысты.

  Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша құрғақшылықтан, желдің күшеюінен туындаған жоғары орташа тәуліктік температура нәтижесінде Павлодар облысы Аққулы ауданы Майқарағай ауылының маңындағы орман аймағында өрттің туындауы туралы ақпарат алынды. Өрттің тереңдігі орман өртіне көшуімен ұлғайды.

  Өзара іс-қимыл жасайтын Тараптардың кезекші ауысымдары тұрақты орналасу пункттерінде басқару органдарына, күштер мен құралдарды топтастыруға құлақтандыру және жинау жүргізді. Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдарын аумаққа ұсыну туралы шешім қабылдануда. Күштер мен құралдар топтарының «Ертіс орманы» төтенше жағдай аймағына шеруі жүзеге асырылады. Бұл жерде далалық лагерь өрістетілді, операцияға жалпы басшылықты ТЖ орнында Республикалық жедел штаб жүргізді.

  Орман аумағында өрт ошақтарын оқшаулау және жою бойынша кезең-кезеңімен практикалық іс-шаралар өткізілді. Шартты төтенше жағдайды жойғаннан кейін күштер мен құралдар топтары, өзара іс-қимыл жасасушы тараптардың оқу-жаттығуларының басшылары оқу-жаттығуды талдады, қорытындылар шығарды.

  Оқу-жаттығуларға 350 қызметкер, 64 бірлік техника, оның ішінде арнайы техника, ҰҰА және 6 әуе кемесі жұмылдырылды. 

  Командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында еліміз бойынша 38 кіріспе және 20 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

  Мемлекеттердің шекаралас және шектес аумақтарындағы, өзара іс-қимыл жасайтын мекемелер мен қызметтер арасындағы өрттер туралы ақпарат алмасу тәртібі пысықталды, орман және дала өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдері пысықталды, табиғи өрттерді жоюға қатысатын өртке қарсы құралымдардың жауынгерлік әзірлігі тексерілді.

  Практикалық бөлім аяқталғаннан кейін республикалық жедел штабта вице-министр Рамиль Камаловтың басшылығымен оқу-жаттығу қорытындысы шығарылды.