2025 жылғы 23 мамырда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов сөз сөйледі.
Елімізде шомылу маусымы 1 маусымда басталады. Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар, оның 458-і жеке меншік, 227-сі коммуналдық жағажай, 13 туризм мен спорт нысандары. Тағы 84 қауіпсіз аймақты жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Барлық ақпарат «2ГАЖ» қосымшасында қолжетімді.
ТЖМ су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп кешенді дайындық пен алдын алу жұмыстары ұйымдастырылып, іске асырылуда. Елімізде шомылу маусымы 1 маусымда басталады.
«Жүргізілген профилактикалық жұмыстар кешенінің нәтижесінде 20212024 жылдар аралығында суға батып қайтыс болғандардың саны 51%-ға азайды. Өткен жылдың шомылу кезең аралығында еліміздің су айдындарында 258 адам, оның ішінде 66 бала құтқарылды», - деп Ақылбек Ахметжанов атап өтті.
Өткізілген профилактикалық іс-шараларына қарамастан соңғы 4 жылда 843 адам, оның ішінде 260 бала суға батып қайтыс болды.
Жыл басынан бері 11 562 бала жүзу дағдыларына үйретілді, бұл жұмыс жалғасын табуда.
Профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу барысында 191 мыңға жуық көрнекі оқыту өнімдері (парақшалар, жадынамалар, брошюралар) таратылды, су айдындарында 181 қауіпсіздік белгісі орнатылды.
Әкімдіктер қауіпсіз балалар жағажайларын дайындауда, онда құтқарушылар балаларды шомылу кезеңінде жүзуге үйрететін болады.
ТЖ министрлігі Ішкі істер және Көлік министрліктерімен бірлесіп су айдындарында адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзудың жолын кесу бағытында 20 мыңнан астам рейдтер мен патрульдеу жүргізді. Анықталған 761 заң бұзушылар (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің) «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны» (364-бап), «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамағаны» үшін жауапкершілікке тартылды. (412-бап бойынша 151 жауапкершілікке тартылды).
ТЖМ құтқару бөлімшелері ірі акваториялардың ең белсенді пайдаланылатын 70 учаскесін бақылайды, онда кәсіби құтқарушылар қызмет атқарады.
Сонымен қатар биыл әкімдіктер мен жағалаудағы демалыс орындарының иелері Министрліктің жедел - құтқару жасақтарында дайындықтан өткен 100-ден астам қоғамдық құтқарушыларды дайындады.
Бұдан басқа осы жылы әкімдіктермен және су жағасындағы демалыс орындарының иелерімен, министрліктің жедел - құтқару жасақтарында даярлықтан өткен 100-ден астам қоғамдық құтқарушылар дайындалды.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.