МЧС
Меню
Страницы

Жеке тұрғын үйлерді аралау

Жеке тұрғын үйлерді аралау

Жылыту кезеңінің басталуы қарсаңында және тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап елордада "Өрт қауіпсіздігі айлығы" басталады.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті бұл іс-шараны әлеуметтік қорғау,  әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ және т.б. өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне барудан бастайды. Жеке тұрғын үйлерді аралау жоспарлануда.

Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы  бойынша 469 өрт оқиғасы тіркелген.

Тұрғын үй секторларындағы өрттердің негізгі себептері пешпен жылыту, электр жабдықтарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы болып табылады.

Өткізілетін күні мен уақыты: 14 тамыз, сағат 9.30.

Өткізілетін және жиналатын орны: Бөгенбай батыр даңғылы 4, №5 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі

Байланыс телефондары: 8701-514-07-06 Аягөз.

Аккредиттеу үшін электрондық пошта:pressa.dchs.astana@mail.ru

Социальные медиа
Youtube
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы