МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша  дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

27-30 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, 27 шілде - 01 тамызда Маңғыстау облысында қатты және өте қатты ыстық сақталады. 27-31 шілдеде Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында  қатты және өте қатты ыстық күтіледі.

27 шілде - 01 тамызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 26 шілде - 02 тамызда Қызылорда, Түркістан облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

27-27 шілдеде Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27 шілдеде Маңғыстау облысында күндіз 43-47 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

27 шілдеде күндіз Ұлытау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық  күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 27 шілдеде облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 27 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

27 шілдеде Атырау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.  

27 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. 27 шілдеде жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде, батысында сақталады. Төтенше өрт қаупі облыстың солтүстік-шығысында, орталығында сақталады. 

Дауылды ескертулер күтіледі:

27 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

27 шілдеде күндіз Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

27 шілдеде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде күндіз Қарағанды облысының шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Облысының шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында  төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 17-22 м/с.

27 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 27 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 27 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

27 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

27 шілдеде күндіз Қостанай облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Ақмола облысында күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
26 июля 2026
Дата обновления
26 июля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

26 июля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 25 шілде)
Жедел ақпарат
26 июля 2026
Дауылды ескертулер
25 июля 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты