
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 20 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматы қ.: 20 июня күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 20 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 30-35 градус, облыстардың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.
20 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.
20-21 маусымда күндіз Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында 35-40 градус қатты ыстық күтіледі. Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
20 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, 20-21 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
21 маусымда күндіз Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
22-23 маусымда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, 22 маусымда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, 23 маусымда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
20 маусымда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда катты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
20 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
20 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыста 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында, солтүстік-шығысында сақталады, облыстың орталығында күтіледі
20 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
20 маусымда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
20 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда күндіз Павлодар облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
20 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
20 маусымда күндіз Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
20 маусымда Алматы облысының тау бөктерінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 20 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
20 маусымда күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.