МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

19-20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 30-35 градус, облыстардың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

19-20 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

19-21 маусымда күндіз Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында 35-40 градус қатты ыстық күтіледі.

Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 19 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы қ.: 19 июня күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 19 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

20 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, 20-21 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

21 маусымда күндіз Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

19 маусымда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында кей уақыттарда катты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Атырау облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық.  Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Маңғыстау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыста 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

19 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Павлодар облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 33-38 градус қатты ыстық күтіледі.Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 18 м/с. Күндіз 30-35, облыстың батысында, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Қызылорда облысының орталығында, шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
18 июня 2026
Дата обновления
18 июня 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
20 июня 2026
Дауылды ескертулер
19 июня 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
18 июня 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты