МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

15-20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 30-35 градус, облыстардың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

15-20 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

15-21 маусымда күндіз Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында 35-40 градус қатты ыстық, 17 маусымнан бастап облыстардың оңтүстігінде 40-43 градус  қатты ыстық күтіледі. Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 16 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Алматы қ.: 16 июня күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 16 маусымда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан  жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

16 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

16 маусымда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық.  Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

16 маусымда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

16 маусымда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың  солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

16 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шыгыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

16 маусымда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық.  Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

16 маусымда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
15 июня 2026
Дата обновления
15 июня 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
18 июня 2026
Дауылды ескертулер
16 июня 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
15 июня 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты