МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

06-13 маусым аралығында Ақтөбе, Қостанай облыстарында мол жауын-шашынның сақталуы күтіледі.

07-12 маусым аралығында Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы күндіз 30-37 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылауы сақталады. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

06-13 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында мол жауын-шашын болады деп болжануда.

08-12 маусым аралығында Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 30-37 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 12 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 12 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шымкент қ.: 12 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

13-20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 30-35 градус, облыстардың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

13-20 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

14-21 маусымда күндіз Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында 35-40 градус қатты ыстық, 17 маусымнан бастап облыстардың оңтүстігінде 40-43 градус  қатты ыстық күтіледі.

Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

12 маусымда түнде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

12 маусымда Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

12 маусымда Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

12 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. 

12 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

12 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр,найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз жаңбыр, найзағай,облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

12 маусымда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

12 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда түнде Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

12 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

12 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

12 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
11 июня 2026
Дата обновления
11 июня 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

13 июня 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
12 июня 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
11 июня 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты