
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
06-09 маусым аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 06-13 маусым аралығында Ақтөбе, Қостанай облыстарында мол жауын-шашынның сақталуы күтіледі.
07-10 маусым аралығында Павлодар облысында, 07-12 маусым аралығында Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы күндіз 30-37 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылауы сақталады. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
06-13 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында мол жауын-шашын болады деп болжануда.
08-12 маусым аралығында Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 30-37 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 09 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 09 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
09 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
09 маусымда Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
09 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстігінде жаңбыр,найзағай, дауыл, күндіз жаңбыр,найзағай, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
09 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
09 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
09 маусымда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
09 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
09 маусымда Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
09 маусымда күндіз Абай облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
09 маусымда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
09 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
09 маусымда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
09 маусымда күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 09 маусымда күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
09 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
09 маусымда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
09 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
09 маусымда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.