МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

06-09 маусым аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 13 маусым аралығында Ақтөбе, Қостанай облыстарында мол жауын-шашынның сақталуы күтіледі.

07-10 маусым аралығында Павлодар облысында, 07-12 маусым аралығында Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында ауа температурасы күндіз 30-37 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылауы сақталады. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

06-13 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында мол жауын-шашын болады деп болжануда.

08-12 маусым аралығында Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 30-37 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

08 маусымда Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

08 маусымда Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

08 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

08 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 маусымда Павлодар облысының батысында, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі.

08 маусымда күннің екінші жартысында Қарағанды облысынның шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 маусымда күннің екінші жартысында Ұлытау облысының батысында, солтүстінде аздаған жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.

08 маусымда Абай облысының солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

08 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың  солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

08 маусымда Қызылорда облысының батысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.                                                         

08 маусымда күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тауда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

08 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 маусымда түнде Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 08 маусымда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с күтіледі.

08 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 

       

Дата публикации
07 июня 2026
Дата обновления
07 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Жедел ақпарат
12 июня 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
11 июня 2026
Дауылды ескертулер
10 июня 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты