
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 06 маусымда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы қ.: 06 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 06 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
06 маусымда Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 маусымда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 06 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
06 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
06 маусымда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
06 маусымда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
06 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
06 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде,оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында,оңтүстігіндеекпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында,солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
06 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
06 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
06 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
06 маусымда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
06 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
06 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
06 маусымда күндіз Абай облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
06 маусымда күндіз Қарағанды облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
06 маусымда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.