МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

  Дауылды ескертулер күтіледі:

  Алматы қ.: 03 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

  Шымкент қ.: 03 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

  02-06 маусым аралығында Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады деп болжануда.

  03 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда түнде Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

  03 маусымда Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда түнде Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

  Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 03 маусымда түнде өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

  03 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, күндіз облыстың орталығында аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында, орталығында сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күтіледі.

  03 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда таңертең және күндіз  Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

  03 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі  күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың  солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

  03 маусымда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

  03 маусымда күндіз Ұлытау облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық.

Дата публикации
02 июня 2026
Дата обновления
02 июня 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
03 июня 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
02 июня 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
01 июня 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты