
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 02 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
30 мамыр мен 04 маусым аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 30 мамыр мен 05 маусым аралығында Ақтөбе, Қостанай облыстарында қатты жауын-шашын болады деп болжануда.
02 маусымда түнде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 маусымда Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
02 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.
02 маусымда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 маусымда Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 02 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
02 маусымда Жетісу облысының шығысында, оңтүстүгінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстаң жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
02 маусымда Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың баысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 маусымда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі.
02 маусымда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
02 маусымда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 маусымда түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батыстан ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
02 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
02 маусымда Қызылорда облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.