
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер күтіледі:
31 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 мамырда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 мамырда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус, облыстың солтүстігінде, орталығында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 31 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей уақытта екпіні 18 м/с.
31 мамырда күндіз Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыста 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 мамырда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 мамырда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойыша 38 градус қатты ыстық күтіледі.
31 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 мамырда күндіз Павлодар облысында 32-37 градус қатты ыстық күтіледі.
31 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
31 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 мамырда Қарағанды облысының орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 мамырда күндіз Ұлытау облысында 32-37 градус қатты ыстық күтіледі.