МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректері бойныша дауылды ескертулер

  30 мамырда түнде Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады,  облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.

  30 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

  30 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші      15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

  30 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күтіледі.

  30 мамырда Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  30 мамырда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
29 мая 2026
Дата обновления
29 мая 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
31 мая 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
31 мая 2026
Дауылды ескертулер
29 мая 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 28 мамыр)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты