
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 27 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Алматы қ.: 27 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі, кешке кей уақыттарда қатты жанбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Шымкент қ.: 27 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл, түнде және таңертең қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
27 мамырда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда күндіз Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай облыстың батысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
27 мамырда күндіз Алматы облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жанбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 27 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі, кей уақыттарда қатты жанбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
27 мамырда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда таңертең және күндіз Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда Ақмола облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
27 мамырда Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
27 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
27 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
27 мамырда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.