МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 23 мамырда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Алматы қ.: 23 мамырда түнде жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.

Шымкент қ.: 23 мамырда түнде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 мамырда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, түнде облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, облыстың таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 мамырда түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

23 мамырда түнде Жамбыл облысында батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

23 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, облыстың таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

23 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 мамырда күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі соқталады, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

23 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.         

23 мамырда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

23 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 4 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 мамырда Абай облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

23 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 мамырда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі облыстың  солтүстік-шығысында, солтүстігінде сақталады.

23 мамырда Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 мамырда Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23-25 мамырда Ақтөбе облысы бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
22 мая 2026
Дата обновления
22 мая 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
24 мая 2026
Дауылды ескертулер
23 мая 2026
Дауылды ескертулер
22 мая 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 21 мамыр)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты