МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Шымкент қ.: 16 мамырда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

16 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

16 мамырда таңертең және күндіз Атырау облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16-18 мамырда Қостанай облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

16 мамырда түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

16 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

16 мамырда күндіз Павлодар облысының  батысында, солтүстігінде,  шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде,  шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 мамырда Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында күші 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найғағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20  м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
15 мая 2026
Дата обновления
15 мая 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
17 мая 2026
Дауылды ескерутлер
15 мая 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 14 мамыр)
Жедел ақпарат
15 мая 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты