
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 13 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.
Шымкент қ.: 13 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
13 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 мамырда күндіз Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
13 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.
13 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
13 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
13 мамырда түнде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.
13 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 мамырда Ұлытау облысы бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
13 мамырда таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
13 мамырда түнде және таңертең Абай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
13 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
13 мамырда күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
13 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 мамырда Алматы облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 мамырда түнде және таңертең Жетісу облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.