
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Астана қ.: 11 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус, 12 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
11 мамырда Батыс-Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
11 мамырда Ақтөбе облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
11 мамырда Қостанай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде, 12 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Ақмола облысында 12 мамырда түнде облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 11 мамыр түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі, 12 мамыр түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
Солтүстік-Қазақстан облысында 12 мамырда түнде облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 11 мамырда 1-6 градус үсік күтіледі.
12 мамырда Павлодар облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 11 мамырда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус үсік, күндіз 8-13 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 12 мамырда 1-6 градус үсік күтіледі.
12 мамырда Ұлытау облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
11 мамырда Қарағанды облысында ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус үсік, күндіз 8-13, облыстың оңтүстігінде 16 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 12 мамырда түнде облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік күтіледі.
12 мамырда Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус үсік, күндіз 8-13, облыстың оңтүстігінде 16 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 11 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 11 мамырда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-18 м/с.
Шымкент қ.: 11 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
11 мамырда түнде Абай облысының батысында 1 градус үсік күтіледі.
11 мамырда түнде Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
11 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
11 мамырда Алматы облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай,бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
11 мамырда Жетісу облысында жаңбыр, облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Түнде және таңертен облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
11 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, түнде облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
11 мамырда Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
11 мамырда түнде Қызылорда облысының орталығында, шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
11 мамырда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі
11 мамырда Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
11 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
11 мамырда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
11 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік- батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
11 мамырда Атырау облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
11 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.