
«Қазгидромет» РМК дерекетер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Астана қ.: 26 сәуірде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылыға дейін, күндіз 13-15 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
26 сәуірде Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 7-12, облыстың оңтүстігінде 15 дейін төмендейді.
26 сәуірде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың шығысында 10 градус жылыға дейін, күндіз 7-12, облыстың шығысында 15 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылыға дейін, күндіз 5-10, облыстың шығысында 13 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
26 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы түнде 8-13 градус жылыға дейін, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
27 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. 27 сәуірде ауа температурасы түнде 2-7, облыстың шығысында 10 градус жылыға дейін, күндіз 5-10, облыстың шығысында 13 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
27 сәуірде түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылы, облыстың батысында 2 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 20, облыстың шығысында 7 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Шымкент қ.: 26 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 сәуірде түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
26 сәуірде күндіз Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр.
26 сәуірде күндіз Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
26 сәуірде түнде Ұлытау облысынның батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 25 м/с.
26 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 сәуірде күннің екінші жартысында Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 сәуірде Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с күтіледі.
26 сәуірде түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
26-28 сәуірде облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
26 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
26 сәуірде күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
26 сәуірде түнде Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20, облыстың орталығында, солтүстігінде 25 м/с, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
26 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
26 сәуірде Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.