
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 23 сәуірде найзағай күтіледі.
Алматы қ.: 23 сәуірде күндіз жаңбыр, найзағай, кешке кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Шымкент қ.: 23 сәуірде жаңбыр, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
23 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
23 сәуірде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
23 сәуірде түнде Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с.
23 сәуірде күндіз Жетісу облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
23 сәуірде түнде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
23 сәуірде Жамбыл облысының жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
23 сәуірде түнде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
23 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
23 сәуірде түнде Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
23 сәуірде күндіз Абай облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
23 сәуірде күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
23 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
23 сәуірде түнде Ақтөбе облысынның шығысында 2 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
23 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі.
23 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
23 сәуірде Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың орталығында шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.