
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
20 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
20 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с
20 сәуірде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 сәуірде Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
20 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 сәуірде түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарында 2 градус үсік күтіледі.
20-22 сәуірде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
20 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
20 сәуірде түнде Түркістан облысының түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
20 сәуірде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
20 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
20 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
20 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
20 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының орталығында тұман күтіледі.