
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 16 сәуірде таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Шымкент қ.: 16 сәуірде таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
16 сәуірде түнде Маңғыстау облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 25 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 сәуірде түнде Ақтөбе облысының шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
16 сәуірде түнде Алматы облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр. Облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, жалбысқы қар) күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 16 сәуірде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, жалбысқы қар), найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
16 сәуірде түнде Жетісу облысының батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
16 сәуірде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
16 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі.
16 сәуірде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с.
16 сәуірде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, тәңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
16 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.