МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескерутлер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

14-15 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

14 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

14 сәуірде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

14 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 сәуірде Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

14 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

14 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

14 сәуірде Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

14 сәуірде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстгінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстгінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

14 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

14 сәуірде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

14 сәуірде түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

14 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

14 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында  екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

14 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 сәуірде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

14 сәуірде күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

14 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

 

Дата публикации
13 апреля 2026
Дата обновления
13 апреля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

15 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 13 сәуір)
Жедел ақпарат
15 апреля 2026
Дауылды ескертулер
13 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 12 сәуір)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты