МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер күтіледі:

13 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

13 сәуірде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

13 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 13 сәуірде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

13 сәуірде Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

13 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

13 сәуірде күндіз Қарағанды облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.  

13 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында  екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

13 сәуірде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с.

13 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

13 сәуірде күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 сәуірде күндіз Түркістан облысының  солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады

13 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман.

13 сәуірде күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Дата публикации
12 апреля 2026
Дата обновления
12 апреля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

15 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 13 сәуір)
Жедел ақпарат
15 апреля 2026
Дауылды ескертулер
13 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 12 сәуір)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты