
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 10 сәуірде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. 10 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 10 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 сәуірде түнде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
10 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 10 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 10 сәуірде түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
10 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 10 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
10 сәуірде күндіз Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
10 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
10 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
10 сәуірде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
10 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
10 сәуірде түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
10 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында, шығысында тұман күтіледі.
10 сәуірде Павлодар облысында шығыстан жел солтүстікке ауысады күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
10 сәуірде түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 сәуірде түнде Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
10 сәуірде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
10 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
10 сәуірде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.