
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
05-06 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
05 сәуірде Жетісу облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде сақталады, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 05 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 05 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 05 сәуірде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 05 сәуірде жоғары өрт қаупі күтіледі.
05 сәуірде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 05 сәуірде күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
05 сәуірде Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі облыстың орталығында, облыстың солтүстік-батысында шығысында сақталады.
05 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, тұман күтіледі. Найзағай. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
05 сәуірде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында сақталады және тау бөктерлі аудандарында күтіледі.
05 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с.
05 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
05 сәуірде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
05 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
05 сәуірде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
05 сәуірде Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
05 сәуірде күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с.
05 сәуірге түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
05 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
05 сәуірде Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
05 сәуірде түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
05 сәуірде түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.