
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер күтіледі:
Шымкент қ.: 29 наурызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
29 наурызда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
29 наурызда Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
29 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
29 наурызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
29 наурызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
29 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
29 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
29 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
29 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
29 наурызда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
29 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
29 наурызда түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман.
29 наурызда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
29 наурызда күндіз Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 наурызда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
29 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысында 28-30 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 15-20°C жылыға дейін, түнде 0-5°C жылыға дейін жоғарылауы болжануына байланысты, қардың одан әрі қарқынды еруі, еріген қар суы ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Соның салдарынан автожолдарда су жайылуы, сондай-ақ елді мекендерді, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарын еріген қар суы басуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 29-31 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты (түнде 3°C аяз-2°C жылы, облыстың оңтүстігінде 5°C жылыға дейін, күндіз 10–17°C жылы) қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан ашылуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі жалғасады. Өзен арналарында мұз кептелістерінің түзілуі мүмкін, еріген қар суы және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Соның салдарынан су жайылуы және су басуы мүмкін.
Абай облысында 29–31 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты (түнде 3°C аяз-2°C жылы, күндіз 10–17°C жылы, облыстың оңтүстігінде 22°C жылыға дейін) қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан ашылуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі жалғасады. Өзен арналарында мұз кептелістерінің түзілуі мүмкін, еріген қар суы және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Соның салдарынан су жайылуы және су басуы мүмкін.