МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 28 наурызда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескерту сақталады:

 

28 наурызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

 28 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 28 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

         

28 наурызда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 28 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

28 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші           15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 28 наурызда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

28 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 28 наурызда түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

28 наурызда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ.: 28 наурызда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

 

28 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 28 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

28 наурызда Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: 28 наурызда шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

 

28 наурызда Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 28 наурызда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

           

28 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

28 наурызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

Семей қ.: 28 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

28 наурызда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 28 наурызда тұман күтіледі.

 

28 наурызда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

28 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Астана қ.: 28 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

                                                                                     

28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 28 наурызда тұман күтіледі.

 

28 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.

Павлодар қ.: 28 наурызда тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.

Дата публикации
27 марта 2026
Дата обновления
27 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Жедел ақпарат
05 апреля 2026
Дауылды ескертулер
03 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 2 cәуір)
02 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 1 cәуір)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты