МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды екертулер

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 26 наурызда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

Астана қ.: 26 наурызда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.       

26 наурызда Алматы
облысында шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с, кей уақыттарда 28 м/с күтіледі.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 26 наурызда шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с күтіледі.

26 наурызда түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с.

26 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

26 наурызда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.

26 наурызда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

26 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

26 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

26 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

26 наурызда Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

26 наурызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 наурызда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 наурызда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

26 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

26 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.            

26 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

26 наурызда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.

26 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

Дата публикации
25 марта 2026
Дата обновления
25 марта 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
05 апреля 2026
Дауылды ескертулер
03 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 2 cәуір)
02 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 1 cәуір)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты