МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 25 наурызда күтілетін қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескерту сақталады:

 

25 наурызда түнде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

25 наурызда түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні          23-28 м/с.

 

25 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 25 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

         

25 наурызда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы аудандарында               15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкент қ.: 25 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 25 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

25 наурызда күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ: 25 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

 

25 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

25 наурызда түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ.: 25 наурызда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.

 

25 наурызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

25 наурызда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

                                                                                     

25 наурызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

25 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Астана қ.: 25 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

25 наурызда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

 

25 наурызда Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

           

25 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

25 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

25 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

25 наурызда Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Дата публикации
25 марта 2026
Дата обновления
25 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Жедел ақпарат
05 апреля 2026
Дауылды ескертулер
03 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 2 cәуір)
02 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 1 cәуір)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты