
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
20 наурызда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 20 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 20 наурызда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
20 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
20 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
20 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
20 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
20 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл.
20 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында кей уақытта екпіні 15-18 м/с күтіледі.
20 наурызда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
20 наурызда Ақмола облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
20 наурызда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.
20 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.
20 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
20 наурызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
20 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.