
Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 14-15 наурызда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
14 наурызда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 14 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 14 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.
14-15 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 14-15 наурызда кей уақыттанда тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
14 наурызда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 14 наурызда көктайғақ күтіледі.
Көкшетау қ.: 14 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
14 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 14 наурызда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
14 наурызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
14 наурызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ: 14 наурызда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
14 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 18 м/с.
Алматы қ.: 14 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қонаев қ.: 14 наурызда түнде тұман күтіледі.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 14 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.
14 наурызда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
14 наурызда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с.
14 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Жезқазған қ.: 14 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі.
14 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды қ.: 14 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі.
14 наурызда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай қ.: 14 наурызда тұман күтіледі.
14 наурызда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
14 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Орал қ.: 14 наурызда тұман күтіледі.
14 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.