
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 04 наурызда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 04 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 04 наурызда түнде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
04 наурызда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
04 наурызда Жамбыл облысының түнде таулы аудандарында қар, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
04 наурызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
04 наурызда күндіз Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
04 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
04 наурызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, түнде облыстың шығысында аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
04 наурызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың орталығында тұман күтіледі.
04 наурызда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде туман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
04 наурызда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
4 наурызда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
04 наурызда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
04 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
04 наурызда күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
04 наурызда таңертең және күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
04 наурызда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.