МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Алматы қ.: 28 ақпанда түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. 

Шымкент қ.: 28 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

28 ақпанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

28 ақпанда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.  

28 ақпанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

28 ақпанда түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

28 ақпанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында туман.

28 ақпанда түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында қатты аяз 35 градус күтіледі.

28 ақпанда күндіз Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, Аягоз ауданында екпіні 15-20 м/с.

28 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 41 градус қатты аяз күтіледі.

28 ақпанда  Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

28 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.  

28 ақпанда Қызылорда облысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Дата публикации
27 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

03 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 2 cәуір)
02 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 1 cәуір)
Жедел ақпарат
02 апреля 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты