
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Астана қ.: 24 ақпанда ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 25-27 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 34-36 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 18 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 27-32, облыстың солтүстігінде 36 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 32-37 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы түнде 28-33, облыстың солтүстігінде 36 градус аязға дейін, күндіз 22-27 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 31-36 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде 30-35, күндіз 23-28 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 33-38 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 18 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 28-33, облыстың солтүстік-шығысында 36 градус аяз, оңтүстігінде 18-23 градус аязға дейін, күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 22 градус аязға дейін, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 22 градус аязға дейін, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде, шығыс 40 градус қатты аязға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Алматы қ.: 24 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 24 ақпанда таңертең және күндіз жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
24 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
24 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
24 ақпанда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, тауда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
24 ақпанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
24 ақпанда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
24 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстіқ-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстіқ-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
24 ақпанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
24 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
24 ақпанда түнде Қарағанды облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15 м/с.
24 ақпанда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
24 ақпанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі.