
Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 22-25 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК
мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
23 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың солтүстігінде 28, оңтүстігінде 17 градус аязға дейін, 24 ақпанда түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 18 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Ақтөбе қ.: 23 ақпанда ауа температурасы түнде 20-22 градус аязға дейін, 24 ақпанда түнде 23-25 градус аязға дейін күрт төмендейді.
23 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 20-25, облыстың шығысында 17 градус аязға дейін, 24 ақпанда түнде 27-32, облыстың солтүстігінде 36 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Қостанай қ.: 23 ақпанда ауа температурасы түнде 20-22 градус аязға, 24 ақпанда түнде 27-29 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 20-25, облыстың шығысында 17 градус аязға дейін, 24 ақпанда түнде 32-37 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Петропавл қ.: 23 ақпанда ауа температурасы түнде және күндіз 21-23 градус аязға дейін, 24 ақпанда түнде 33-35 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы түнде 28-33, облыстың солтүстігінде 36 градус аязға дейін, күндіз 22-27 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 31-36 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Астана қ.: 24 ақпанда ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 25-27 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 34-36 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Көкшетау қ.: 24 ақпанда ауа температурасы түнде 34-36 градус аязға дейін, күндіз 22-24 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 34-36 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде 30-35, күндіз 23-28 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 33-38 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Павлодар қ.: 24 ақпанда ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 24-26 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 35-37 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 18 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 28-33, облыстың солтүстік-шығысында 36 градус аяз, оңтүстігінде 18-23 градус аязға дейін, күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Қарағанды қ.: 24 ақпанда ауа температурасы түнде 28-30 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 22 градус аязға дейін, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.
24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 22 градус аязға дейін, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде, шығыс 40 градус қатты аязға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
22 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облысының батысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облысының солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 22 ақпанда қар, бұрқасын, күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
22 ақпанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 22 ақпанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
22 ақпанда Қостанай облысында қар, жаяу бұрқасын, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 22 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
22 ақпанда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 22 ақпанда күннің соңында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
22 ақпанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 22 ақпанда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
22 ақпанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
22 ақпанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
22 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с.
22 ақпанда түнде Абай облысының орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с.
22 ақпанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 ақпанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қонаев қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.
22 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 22 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
22 ақпанда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ: 22 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
22 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 ақпанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақтау қ.: 22 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.