МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

21 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус аязға дейін күрт төмендейді.

21 ақпанда Түркістан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 3 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Шымкент қ.: 21 ақпанда түнде және күндіз 3-5 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

21 ақпанда Жамбыл облысында ауа температурасы түнде және күндіз 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус аязға дейін күрт төмендейді.

21 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 24 ақпанда ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 25-27 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 34-36 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Астана қ.: 21 ақпанда
күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 21 ақпанда
жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

21 ақпанда Түркістан облысында
батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең облыстың тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

23 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың солтүстігінде 28, оңтүстігінде 17 градус аязға дейін, 24 ақпанда түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 18 градус аязға дейін күрт төмендейді.

23 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 20-25, облыстың шығысында 17 градус аязға дейін, 24 ақпанда түнде 27-32, облыстың солтүстігінде 36 градус аязға дейін күрт төмендейді.

23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 20-25, облыстың шығысында 17 градус аязға дейін, 24 ақпанда түнде 32-37 градус аязға дейін күрт төмендейді.

24 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы түнде 28-33, облыстың солтүстігінде 36 градус аязға дейін, күндіз 22-27 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 31-36 градус аязға дейін күрт төмендейді.

24 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде 30-35, күндіз 23-28 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 33-38 градус аязға дейін күрт төмендейді.

24 ақпанда Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 18 градус аязға дейін күрт төмендейді.

24 ақпанда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 28-33, облыстың солтүстік-шығысында 36 градус аяз, оңтүстігінде 18-23 градус аязға дейін, күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін күрт төмендейді.

24 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 22 градус аязға дейін, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.

24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 22 градус аязға дейін, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде, шығыс 40 градус қатты аязға дейін күрт төмендейді.

21 ақпанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

21 ақпанда түнде Түркістан облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

21 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

21 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың батысында кей уақыттарда қатты қар, күндіз қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с.                                                                              

21 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.

21 ақпанда Қостанай облысында қар, бұрқасын, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 23 м/с.

21 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с.

21 ақпанда түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с.

21 ақпанда күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

21 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

21 ақпанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

21 ақпанда таңертең және күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

21 ақпанда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде  шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

21 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

21 ақпанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 15-18 м/с.

21 ақпанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған  жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с         

21 ақпанда Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

 

Дата публикации
20 февраля 2026
Дата обновления
20 февраля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

03 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 2 cәуір)
02 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 1 cәуір)
Жедел ақпарат
02 апреля 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты