
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 17 ақпанда түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 17 ақпандатүнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 17 ақпанда түнде жаңбыр күтіледі.
17 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
17 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
17 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
17 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
17 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
17 ақпанда Ақмола облысында түнде солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
17 ақпанда түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
17 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
17 ақпанда таңертең және күндіз Қостанай облысында батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында 23 м/с.
17 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
17 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
17 ақпанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
17 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
17 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
17 ақпанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с.
17 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.