
Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 14-16 ақпанда күтілетін ауа-райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
14 ақпанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. 14 ақпанда түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 14 ақпанда күндіз, 15-16 ақпанда тәулік бойы облыс көлемінде көктайғақ күтіледі. 14-16 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, 14 ақпанда облыстың шығысында, 15-16 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 14-16 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 14-16 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
14 ақпанда күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аулдандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Талдықорған қ.: 14 ақпанда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
14 ақпанда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 14 ақпанда түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Түркістан қ.: 14 ақпанда кейуақыттарда тұман күтіледі.
14 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 14 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
14 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 14 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 14 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
14 ақпанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Күндіз Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.
14 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 14 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
14 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
14 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
14 ақпанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Қызылорда қ: 14 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
14 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
14 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.