
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
07 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17 градус аязға дейін күрт төмендейді, 08 ақпанда түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
08 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 18, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде, шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
08 ақпанда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
08 ақпанда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
08 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
08 ақпанда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-18 м/с күтіледі.
08 ақпанда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
08 ақпанда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
08 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
08 ақпанда Павлодар облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
08 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
08 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
08 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
08 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
08 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында күші 15-20 м/с.
08 ақпанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
08 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
08 ақпанда түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
08 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.