МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

04 ақпанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

04 ақпанда Атырау облысында ауа температурасы күндіз 5-10 градус аязға дейін күрт төмендейді, 05 ақпанда түнде 17-22 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

04 ақпанда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 08 градус аязға дейін күрт төмендейді, 05 ақпанда түнде және күндіз 7-12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Алматы қ.: 04 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

05 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде және күндіз 7-12, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 06 ақпанда түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

06 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Ақмола облысының  батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

04 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 05 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

04 ақпанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарды қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда түнде Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с.

04 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

04 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында түнде қатты қар, күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

04 ақпанда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

04 ақпанда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

04 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда Атырау облысының солтүстігінде,  шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

04 ақпанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

04 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

04 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

04 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің соңында облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

04 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

04 ақпанда Қызылорда облысында тұман, облыстың батысында көктайғақ күтіледі.

 

Дата публикации
03 февраля 2026
Дата обновления
03 февраля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

03 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 2 cәуір)
02 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 1 cәуір)
Жедел ақпарат
02 апреля 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты