МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

31 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 31 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

31 қаңтарда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 31 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

31 қаңтарда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

31 қаңтарда Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.

31 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

31 қаңтарда Атырау облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

31 қаңтарда Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

31 қаңтарда таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман.

31 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі.

31 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

31 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

31 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

31 қаңтарда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Дата публикации
30 января 2026
Дата обновления
30 января 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

03 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 2 cәуір)
02 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 1 cәуір)
Жедел ақпарат
02 апреля 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты