
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
13-14 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Алматы қ.: 13-14 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 13 қаңтарда кей уақыттарда тұман. Жолдарда көктайғақ күтіледі. 14-15 қаңтарда ауа температурасы түнде 26-28 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Шымкент қ.: 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
13 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде ауа температурасы түнде 23-28 градус аязға дейін күрт төмендейді, 14 қаңтарда 25-30 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.
13 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді, 14-15 қаңтарда түнде 30-35, облыстың солтүстігінде, шығысында 38 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.
13 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 18-23 градус аязға дейін төмендейді, 14-15 қаңтарда түнде 23-28, облыстың солтүстігінде, шығысында 35 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.
13 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде ауа температурасы түнде 18-23 градус аязға дейін төмендейді, 14-15 қаңтарда түнде 30-35, облыстың солтүстігінде 38 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.
14 қаңтарда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстігінде 25-30 градус аязға дейін күрт төмендейді.
14 қаңтарда Абай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 28 градус аязға дейін күрт төмендейді, 15 қаңтарда түнде 30-35 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.
14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 18-23, облыстың шығысында 27 градус аязға дейін күрт төмендейді, 15 желтоқсанда түнде 30-35, облыстың шығысында 38 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.
15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 10-15 градус аязға дейін күрт төмендейді.
15 қаңтарда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.
13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
13 қаңтарда түнде Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
13 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 қаңтарда түнде Павлодар облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
13 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.
13 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің соңында облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
13 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
13 қаңтарда күндіз Алматы облысының батысында жел батыс бағытан солтүстік-шығысқа ауысды, екпіні 18 м/с.
13 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.
13-14 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 13, тәулік бойы 14 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 14 қаңтарда екпіні 23 м/с күтіледі.
13 қаңтарда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
13 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
13 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
13 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
13 қаңтарда Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында 13-17 қаңтар аралығында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 14-18 қаңтар аралығында, Павлодар облысында 14-21 қаңтар аралығында, Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысында 15-22 қаңтар аралығында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 16-20 қаңтар аралығында температура фонының түнде -30-38°С-қа дейін төмендеуі болжанады.