
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 12 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 12-14 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 12 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
12 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.
12 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
12 қаңтарда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.
12 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
12 қаңтарда түнде Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығыс жартысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с.
12 қаңтарда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.
12 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 қаңтарда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шaшын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
12 қаңтарда Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с.
12 қаңтарда түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 қаңтарда түнде Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
12-14 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.
12 қаңтарда күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
12 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 қаңтарда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
12 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.