
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
02-03 қантарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан оңтүтсік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 02-03 қантарда кей уақытта тұман күтіледі. 02 қантарда кей уақытта жолдарда көктайғақ күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 03 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 03 қаңтарда түнде тұман күтіледі.
03 қаңтарда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
03 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
03 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
03 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
03 қаңтарда таңертең және күндіз Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.
03 қаңтарда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
03 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
03 қаңтарда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с.
03 қаңтарда түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с.
03 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
03 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.
03 қаңтарда Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
03 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
03 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
03 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
03 қаңтарда түнде Ақтөбе облысында қар, күндіз облыстың шығысында қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-18 м/с күтіледі.