МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысында қар нормадан көп болады деп болжануда.

2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Атырау, Маңғыстау облыстарында, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жетісу облысынданормадан көп жауын-шашын (жаңбыр,қар)болжанады.

2025 жылғы 28 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Ақтөбе облысында нормадан көп қар жауады деп болжанады.

31 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан  жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 31 желтоқсанда түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысықа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде қар, күндіз қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

31 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.

31 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

31 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.  

31 желтоқсанда  Алматы облысының  оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 25 м/с.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

31 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

31 желтоқсанда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.

31 желтоқсанда Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында, батысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.

31 желтоқсанда Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ  күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

31 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Дата публикации
30 декабря 2025
Дата обновления
30 декабря 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

02 апреля 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 1 cәуір)
Жедел ақпарат
02 апреля 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
01 апреля 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты