
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
25 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасының 20-25 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
25 желтоқсанда Ақтөбе облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде 20-25 градус аязға дейін төмендеуі, 26 желтоқсанда түнде 20-25 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
25 желтоқсанда түнде Қостанай облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 23-28, облыстың оңтүсігінде, шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 26 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 26 желтоқсанда түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
26 желтоқсанда түнде Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Астана қ.: 26 желтоқсанда кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 13-15 градус аязға дейін күрт төмендеуі, күндіз одан әрі төмендейді.
26 желтоқсанда Павлодар облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 26 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 8-13 градус аязға дейін төмендеуі, 27 желтоқсанда түнде 20-25 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
26 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 10-15, облыстың батысында 18 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 27 желтоқсанда түнде 20-25 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
26 желтоқсанда Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 12-17 градус аязға дейін төмендеуі, 27 желтоқсанда түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
25 желтоқсанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 25 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 25 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
25 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.
25 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
25 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
25 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
25 желтоқсанда Ұлытау облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с.
25 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с
25 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
25 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
25 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
25 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
25 желтоқсанда Қызылорда облысының батысында, шығысында орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
25 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с.