
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 23 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 23 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 23 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
23 желтоқсанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с.
23 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
23 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
23 желтоқсанда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, бұрқасың, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с.
23 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
23 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
23 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ.
23 желтоқсанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
23 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
23 желтоқсанда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
23 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.
23 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
23 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
23 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
23 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
23 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.